Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІГІНЕ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ АКТ МИНИСТРІ ЛИ ЧОН ХО КЕЛДІ
    Айғақ MEDIA

    ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІГІНЕ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ АКТ МИНИСТРІ ЛИ ЧОН ХО КЕЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.06.202474 Views

    Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі доктор Ли Чон Хомен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында электронды үкімет саласында тәжірибе алмасу, жасанды интеллектті пайдалану, IT саласы мен аэроғарыш өнеркәсібін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Дмитрий Мун eGov mobile мобильді қосымшасы, Smart Bridge және Smart Data Ukimet, «Өмірлік жағдайлар» бөлімі, проактивті сервистер, цифрлық құжаттар және т.б. электронды үкімет компоненттері мен қазақстандық Govtech шешімдерін таныстырды.

    Бүгінгі таңда eGov мобильді қосымшасында 33 цифрлық құжат пен 1067 қызмет қолжетімді, оларды ай сайын 5 миллионнан астам пайдаланушы белсенді пайдаланады. Қолданбаны қолданушылардың жалпы саны 9 миллионға жуық пайдаланушыны құрайды.       Корея Республикасының Ғылым және АКТ министрі доктор Ли Чон Хо ЦДИАӨМ электронды үкімет пен аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы саясаттың арқасында Қазақстанның инновациялар мен трансформацияның орталығында орналасқанын атап өтті.

    Қазақстан мен Корея Республикасының цифрландыру саласындағы ынтымақтастығы соңғы бес жылда белсенді түрде дамып келеді. 2019 жылы қол қойылған Төртінші өнеркәсіптік революция туралы меморандум аясында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

    Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі National Information Society Agency-мен (Корея Республикасы) тығыз жұмыс істейді. Өткен жылы NIA басшысы «Отбасының цифрлық картасы» жобасын жоғары бағалады.

    ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

    12 маусым 2024

    Цифрлық даму министрлігі және Beeline байланыс қызметтерін жақсарту туралы меморандумға қол қойды

    10 маусым 2024

    Қазақстан мобильді интернет жылдамдығының әлемдік рейтингінде 23 тармаққа көтерілді

    08 маусым 2024

    Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы — «ақылды қала»

    07 маусым 2024

    Жаслан Мәдиев Central Eurasia Venture Forum 2024 форумына қатысты

    07 маусым 2024

    Қазақстандық стартап жоба БҰҰ цифрлық қоғамдық игілігі ретінде танылды
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.