Корея Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған меморандум 2015 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған Париж келісімінің жаһандық температураны индустриалды дәуірге дейінгі деңгейден 2 градустан төмен ұстап тұруға күш салу және 1,5 градусқа дейін шектеуге күш салу мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.