Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КОСТРОМАДА ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ОФИЦЕРІ БАЛАНЫ АЖАЛ АУЗЫНАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    КОСТРОМАДА ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ОФИЦЕРІ БАЛАНЫ АЖАЛ АУЗЫНАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.06.2024102 Views

    Ресейде ҚР Ұлттық ұлан офицері баланы ажал аузынан құтқарып қалды. Жаз мезгілінде, өкінішке қарай, балалардың терезеден құлау жағдайлары жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалар көбінесе ата-ана мен жақындарының балаға жіті назар аудармауы және ойын баласына сеніп тапсыруы салдарынан болып жатады. Кейбір ата-аналар москиттік тордың мұндай жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын түсінбейді, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    ҚР ІІМ Ұлттық ұлан офицерінің қырағылығы мен ептілігі Ресейде болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. 8 маусымда сағат 19:30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов баласымен Кострома қаласының Галичская көшесінде серуендеп жүргенде, №51 үйдің 2-қабатынан 4-5 жастағы баланы байқайды. Ол терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып жіберді.

         – Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан терезе алдында жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға ішке қарай кір деп, қауіпті түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аса қоймады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың денсаулығында кінәраты бар екенін айтты. Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үй ішінде ересек адам болса, дауысты естісін деп. Алайда ойланып, біреудің шыққанын күтіп тұратын артық уақыт болмады. Дереу құбыр арқылы 2-қабатқа көтеріліп, баланы ақырын терезеге сүйреп апардым. Баламен бірге пәтерге кіріп, үйде ешкім жоқ екенін түсіндім. Мен кетсем, тағы қайталап жүрер деп балақайды көшеге алып шығып, ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым, – дейді ұландық офицер.

    Айта кетейік, Жандос Нұрахметов бүгінде Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау әскери академиясының тыңдаушысы. Ұландық офицер үйленген, бір жарым жасар ұлы бар. Қазіргі уақытта Қазақстаннан жоғарыда аталған академияда алты курсант, екі тыңдаушы және бір адъюнкт білім адып жатыр. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы облысының Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінен аталмыш білім ордасына оқуға түскен. Дәріс бір айдан кейін аяқталады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.