Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»BAITURSYNULY UNIVERSITY-ДЕ ДРОНДАРДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ БІРЕГЕЙ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    BAITURSYNULY UNIVERSITY-ДЕ ДРОНДАРДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ БІРЕГЕЙ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.06.202476 Views

    ҚӨУ студенттері жаңа оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бағдарламалау және басқару, жиналған деректерді өңдеу және «ұшатын робототехниканың» басқа да қыр-сырын меңгеретін болады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

      Зертхана студенттері бірнеше пәндерді қатар оқи алады. Соның ішінде дронды бағдарламалау, цифрлық схематехника, компьютерлік көру, ұшқышсыз ұшақтарға арналған жасанды интеллект сияқты тақырыптар аясында пәндерді меңгереді.

      «Зертхананың білім беру ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі де бар, бұл бағыт қазіргі таңда сұранысқа ие. Дрондар ауыл шаруашылығында, машина жасауда, логистикада қолданылады. Ректор білім беру үрдісінен хабардар болғандықтан, біздің идеямызды қолдап, құрал-жабдықтарға қаражат бөлді», — деді Baitursynuly University бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ольга Салыкова.

      Студенттер қыркүйек айында дронды басқару алгоритмдерін әзірлеуге кіріседі. Дегенмен қызығушылық танытқандар зертханамен танысып үлгерді. Демалыс болса да, шәкірттер университетке барып, ынтамен дрондарды құрастырып жатыр.

      «Кейбір құралдар бізге бұрыннан таныс, бірақ жаңалары да көп. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыру және бағдарламалау қызықты ғана емес, ол болашақ үшін де өте маңызды», — дейді «Ақпараттық технологиялар және роботты техника» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Виктор Шмаков.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.