Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АЛМАТЫДА ҰШҚЫШСЫЗ БАСҚАРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Айғақ MEDIA

    АЛМАТЫДА ҰШҚЫШСЫЗ БАСҚАРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.06.202468 Views

    Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Азаматтық авиация академиясының, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылары ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың операторлары мен техниктерін даярлау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

    Тәжірибе алмасу барысында Азаматтық авиация академиясында өткен кездесуге қатысушылар оқыту бағдарламаларын қарап, қарқынды дамып келе жатқан осы саланың мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін ынтымақтастық жолдарын нақтылады. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне, оған қоса әртүрлі салаларда қауіпсіздік пен технологияны тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды.

    – Біз ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың мамандарын даярлауды дамытудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Мекемелер арасындағы ынтымақтастық заман талабына сай және уақыттың тегеуріндеріне жауап беретін бірегей білім беру бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты арнайы пәндер кафедрасының бастығы подполковник Қайыртай Исабаев.

    Кездесуге қатысушылар оқу орындарында мамандарды даярлау бағдарламаларындағы айырмашылықтарды атап өтіп, оларды келісуді және мамандықтарды белгілеуді нақтылады.

    Оқытушылар оқу орындарының күш-жігері мен ресурстарын біріктіру жоғары білікті мамандарды даярлауға және сұранысқа ие саланы дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.