Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕНТАУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ
    Айғақ MEDIA

    КЕНТАУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.06.2024112 Views

    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс сапармен Кентау қаласында болды. Ең алдымен өңірдің негізгі кәсіпкерлік нысандарын аралап, инвестициялық әлеуетін жетілдіру керек екенін айтты. Одан әрі шаһарда бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты. Сапар соңында қала тұрғындарымен кездесіп, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.
    Арнайы жұмыс сапармен Кентау қаласына келген Дархан Сатыбалды индустриалды аймақта болып, онда орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты. Облыс әкіміне ғимарат сыртын қаптайтын құрылыс материалын шығару, металл қалдықтарын қайта өңдеу, керамзит жасау, сылақ торларын шығаратын, резеңке бұйымдарын өндіру, қоқысты қайта өңдеу, цемент және бетон бұйымдары, кірпіш зауыты және өзге де инновациялық жобалар таныстырылды. Қазіргі күні мұнда 8 жоба іске асырылып отыр. Солардың бірі полиэтилен құбырларын шығаратын «АБН-Альянс» ЖШС зауыты. Жоба 2019 жылы іске қосылған. Зауыттың жылдық өндіріс қуаты 4000 тонна, мұнда 80 адам жұмыспен қамтылған. Нұрлан Құрмашұлының айтуына сүйенсек, жалпы полиэтилен құбырларын газ бен суға қолданады. Шикізатты Ресей мен Қытайдан алып, дайын өнімді еліміздің әр аймағына экспорттайды. Зауыт толығымен заманауи неміс технологиясымен жабдықталған.


    Сапар барысында әкім тұрғын үй құрылыс алаңында болды. Кентауда Уалиханов көшесінде орналасқан №150 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазір үйлердің кірпіші қаланып, инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды. Құрылыс жұмыстарын «Іргетас-Құрылыс ІІ» ЖШС жүргізуде. 5 қабаттан тұратын, 60 пәтерлі тұрғын үй, баспана кезегінде тұрған отбасыларға берілмек. Пәтерлердің жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асады. Айта кетейік, көпқабатты үй құрылысы осыдан 4 жыл бұрын басталып, қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалған болатын. Бұл жылға 1 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жыл соңына дейін құрылысын аяқтау жоспарланған.

    Одан әрі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарымен кездесіп, қаланы дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына 2023 жылы 2 елді мекенде 7 жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 242 млн. теңге бөлінген. Нақтырақ айтсақ, Хантағы мен Ащысай елді мекендеріндегі 18 көшеге 242 млн. теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кентаудың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 26 пайызға өсіп, 2023 жылы 76 млрд. теңгеге жеткен. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 23 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға өсті деген әкім, біз елдің табысын көтеру үшін жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту мәселесін күн тәртібінен түсірмейміз деді.

    Кездесуде облыс әкімі, Жандос Тасовтың есебін тыңдап, өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіштері және алдағы уақыттағы жоспарларымен танысты.

    Сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындар облыс әкіміне жер дауы, баспанамен қамту, мәдениет үйін салу, жұмыссыздық, 10 жыл бойы шешімін таппай келе жатқан экологиялық қолдау, жылу электр станциясы, балалар ойын алаңшасын көбейту мәселесі және өзге де түйіткілдер туралы сұрады.

    Айта кетейік, Дархан Сатыбалды кездесуден соң, Кентаулықтарды жеке қабылдады. Айтылған әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.