Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕККЕ ҚОЮ: ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
    Айғақ MEDIA

    БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕККЕ ҚОЮ: ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.06.2024172 Views

    Мектепке дейінгі жастағы баланы балабақшаға кезекке қою мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны білім беру бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады, ол үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі «электронды үкімет» веб-порталы немесе ақпараттандыру нысандары арқылы өтініші мен құжаттарын жолдайды.

    Ол үшін келесі құжаттар қажет:

    • электронды құжат нысанындағы өтініш;
    • мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);
    • санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою үшін фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі.

    МДҰ-ға кезектен тыс немесе бірінші кезектегі тәртіппен қызметті алушылар қосымша тапсырады:

    • әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
    • ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

    Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі құжаттар талап етіледі:

    • нысан бойынша өтініш;
    • № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;
    • 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;
    • № 027/е нысанындағы анықтама;
    • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда) электронды көшірмесі;
    • әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
    • ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

    Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, МДҰ-ға бірінші кезекте жолдама алуды растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КІЛТІ

    18.11.2026

    ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТЫҢ ТЫНЫСЫ

    18.11.2026

    ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.