Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БАКУДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    БАКУДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.06.2024195 Views

    Қазақстандық делегация Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Баку қаласына келді.

    Дәстүр бойынша сапар Құрметті жерлеу аллеясына барудан басталды. Қазақстан Қорғаныс министрі Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейіті мен «Шахидтер аллеясы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ресми сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әзербайжандық әріптесі генерал-полковник Закир Гасановпен кездесті. Қазақстандық делегация құрамында келіссөздерге Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел қатысты.

    Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды. Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған өңірдегі қауіп-қатерлерге ден қою кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретін «Бірлестік-2024» көпұлтты оқу-жаттығуының өзектілігін атап өтті.

    Тараптар сондай-ақ жауынгерлік дайындық, әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық және басқа да өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін әңгіме етті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.