Мектеп жасындағы балалар үшін жаз мезгілінің маңызы ерекше. Жыл бойы ұзақ оқу мен емтиханнан өткен бала демалысты асыға күтіп, уақытты барынша қызықты, әрі көңілді өткізуге тырысады. Сондықтан бұл мезгілде бала өзінің сүйікті ісімен айналысып, түрлі шаралар мен үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беретін уақыт. Бала денсаулығын, ой-қабілеті мен спортқа бейімін нығайту іс-шараларын дұрыс өткізу оның жаңа оқу жылын сергек бастауына септігін тигізеді. Осы орайда, оқушылар сарайында “жаз қызығы-көңілді демалыс” атты танымдық-сауықтық бағдарламасы өтті. Бағдарламаның мақсаты- жаз бойы жұмыс істейтін үйірмелерді жарнамалау.
Мерекелік шарада үйірмеге қатысатын “Балдәурен”, “ Алтын ғасыр” атты топтардың өнерлі өрендері ән айтып, жас бүлдіршіндер би билеп, мерекеге сән берді. Шараға Шымкент қаласы білім басқармасы қосымша білім беру оқу салалық орталығының өкілдері қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. Онымен қоса, балалардың ата-аналары да арнайы қатысып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, оқушылар сарайында жыл бойы 122 үйірме түрі жұмыс жасайды. Алдағы уақытта оның ішінде жаз мезгілінде 40-қа жуық үйірме жұмыс істеп , 2000-ға жуық балаларды қосымша біліммен қамтымақ.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...











