Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕЛОРДАДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    ЕЛОРДАДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.2024128 Views

    Астанада «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаевқа арналып түсірілген.

    Фильмде қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын өмірінің соңғы 9 жылы көрініс тапқан.

    Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен оқиғалар баяндалады. Атап айтқанда, ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда жариялана бастауы, Ораз Жандосовпен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі көретілген.

    Фильм режиссерінің айтуынша, фильм Мәскеу мұрағатындағы тарихи деректерге негізделген. Әсіресе, фильмде ақынмен бірге жұмыс істеген Йосиф Гильманның немересі сақтаған мәліметтер пайдаланылған.

    «Жамбылдың есімі көптеген аңызға толы, мен ұлы ақынның шынайы бейнесін жасауды қатты армандадым, сол дәуірге қанық болу, нақты деректерді жинау үшін сол кездегі замандастар жазған құжаттар мен кітаптарды зерттедім. Сондай-ақ, мен деректі фильм түсірген жоқпын және тек тарихи шындықты ғана емес, көркем шындықты да сақтап қалдым», — деді Жандос Құсайынов.

    Фильмде басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев сомдады. Сондай-ақ, актерлер құрамында Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжит, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин, Асылбек Айтиш және т.б. бар.

    Айта кету керек, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасы 2021 жылы ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады. Туынды 6 маусым күні ел кинотеатрларына жол тартпақ.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.