Мамырдың екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 12 мамырға келіп тұр. Мереке қарсаңында Шымкенттегі Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінде «Анаға тағзым» атты аналарға арналған іс-шара өтті. Алқалы жиында сөз алғандар ананың міндеті мен оған көрсетілер құрмет жайлы ерекше айтты. Жалпы аналар күнін мерекелеу аналардың қоғамдағы рөлін арттыруға отбасы интитутын сақтауға және нығайтуға бағытталады.
Иә, расында анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. «Адамдық негізі — ана» деген еді Мұхтар Әуезов. Елімізде осымен үшінші мәрте тойланып отырған Аналар күні мерекесін Шымкенттегі 24-ші мектеп ұжымы осылайша концерттік бағдарламамен атап өтті.
Бұл күні әр бала өз анасына гүлдер, қолдан жасалған ашықхаттар ұсынды. Мерекелік шараға қатысқандар өз ойларын ортаға салып, ананың отбасыда берер тәрбиесінің рөлі ерекше екендігін атап өтті.
Дүниеде үш нұр бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ананың нұры дейді халық даналығы. Күнделікті тұрмыстағы басты құндылықтарымыз аналардың бақыты отбасының жарасымды тірлігі десек қателеспейміз. Өйткені, аналарды ардақтағанымыз – әсемдік пен адалдықты ардақтағанымыз,дейді мерекелік шараға жиналғандар.
ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА
Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей әкімге жеткізді. Атап айтқанда, баспана, жер және...









