Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«SENAT OPEN» ШАХМАТ ТУРНИРІ ШЫМЫЛДЫҚ ТҮРДІ
    Айғақ TV

    «SENAT OPEN» ШАХМАТ ТУРНИРІ ШЫМЫЛДЫҚ ТҮРДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.05.2024Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мегаполисте мәслихат депутаттары қала тұрғындарымен турнирде кездесті. Еліміздің барлық өңірінде бастау алған әуесқойлар арасындағы «Senat Open» шахмат турнирі Шымкентте шымылдық түрді. Ақыл мен ой-өрісті дамытатын үстел спортына қызығушылық танытқандардың қарасы қалың. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге 120 өтінім келіп түскен. Іріктеуден өткен үздік ойыншылар өңірлік бәсекеде бақ сынайды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керектігін, ол адал ұрпақтың ой өрісінің дамуына шахмат спортының үлесі мол екендігін ескеріп, Үкіметке үстел спортын дамытуда бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Парламент Сенатының бастамасы бойынша «Senat open» ашық турнирі шымылдық түрді. Іріктеу турниріне қатысуға қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120 өтінім түсті.

    Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шымкент қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен бастау алған байрақты бәсекенің салтанатты ашылуында әнұран орындалып, барлық қатысушылар көк туға қарап сап түзеді. Ал, турнирге қызығушылық танытып, қатысушылардың ішінде 86 жастағы қариямыз да бар.

    FIDE ережесіне сәйкес бекітілген турнирде шахматшылардың тәртібін қадағалау мақсатында 7 төреші алқасы құрылды. Онда әр турға 15 минут уақыт берілді.

    Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей жүлделермен марапатталды. Төрешілер шешіміне сәйкес жекелей сында бақ сынаған қала тұрғыны Сейітжан Джаханов топ жарды. Одан бөлек үздік деп танылғандар мен барлық қатысушыларға медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

    Іріктеуден өткен 25 үздік шахматшыға 18 маусым қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік жартылай финалға жолдама берілді. Жартылай финалдан өткен жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық ойында бақ сынайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.