Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ретте салада ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты басқарма басшысы мен мекеме қызметкерлері арнайы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында саладағы артықшылықтар мен кемшіліктер сараланып, тиісті ұсыныстар айтылды. 2023 жылдың 9 айлық көрсеткішінде денсаулық сақтау саласы үздік үштіктің қатарынан көрініпті. Алғашқы емес әрине, дегенмен Басқарма басшысының айтуынша мекемеге түсетін шағымдарды азайту үшін сапаны жақсарту керек.
Ал, саладағы сыбайластықты болдырмау мақсатында, қалалық медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханаларының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған. Ол бейнекамера пациент пен дәрігердің арасындағы байланыс жіті қадағаланып отырады. Одан бөлек мекемелерде оқыту семинарлары, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.
Ауруханадағы арыз шағымдарға тез әрекет ету, және шешу мақсатында өткен жылдан бастап CALL байланысы жұмыс істейді. Оған кез келген адам ауруханадағы мәселелерін айта алады.
Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5 жоба пилоттық режим негізінде жүргізілуде.