Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
    Айғақ MEDIA

    МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.05.202495 Views

    Шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы интернет сапасын маниторингтеу нәтижесінде 50 аумақта интернет сапасының төмендігі анықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы баспасөз брифингте айтты. Бұдан бөлек басқарма басшысы ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар мен жоспарлары жайлы есеп берді.

    Интернет сапасы төмен аумақтарда тест-драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумақта мачталық құрылғы орнатылып оның 13 не базалық станция орнатылды. Ал, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.

    Қызметтер мен функцияларды автоматтандыруда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы 13 323 301 қызмет ұсынылған. Ағымдағы жылы басқарма тарапынан 1 қызмет автоматтандырылды.

    Қала тұрғындары үшін «2Гис» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс номерлері және орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім орналастырылды. Олар: емханалар, учаскелік полиция пункттері, өрт қауіпсіздігі саласы, коммуналдық қызметтер саласы. Және қоғамдық орындарды тегін wifi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 53 wifi құрылғылары орнатылды.

    Ал, Шымкент қаласының ситуациялық орталығына 2024 жылдан бастап 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелген. Тұрғындар көбінесе жарықтың жиі сөнуі, қоғамдық көлік, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, ветеринариялық қызмет мәселелері бойынша жүгінеді. Тұрғындар өтініші бойынша сапалы және сапасыз жауап беретін мекемелер сараланды.

    Бұл сала бойынша 1 маусымда жаңа Телеграмм бот іске қосылады. Тұрғындар өтініштерін қалдыра алады. Толық ақпарат әлеуметтік желіге жарияланады. Сондай-ақ, арыз шағымдарды қалдыра алудың тағы бір тәсілі мобильді қосымша іске қосылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.