Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒА ТӨЛЕЕВКЕ 80 ЖЫЛ
    Айғақ MEDIA

    КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒА ТӨЛЕЕВКЕ 80 ЖЫЛ

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.05.2024161 Views

    Ресейдің Кемерово облысының тізгінін­жиырма жылдан астам уақыт бойы ұстаған губернатор, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеев 79 жасында көз жұмды. Дегенмен, дара тұлғаның есімін елге таныту мақсатында «Жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі” атты 80 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Айтулы күні белгілі ғалымдар мен елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, Амангелді Төлеевтің қызмет еткен Кемерово облысының зиялы азаматтары мен көзін көрген замандастары, туған-туыстары, шәкірттері қатысты. Ресейдің Кемер облысын соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы, 1997-жылдың шілде айынан бері басқарып келген Аман Төлеев 13 мамырда 80 жасқа толар еді. Бірақ қоғам қайраткері бұл жасқа жете алмады. Дегенмен, асыл азаматты ұмытпаған қазақ елі бүгінгі күні ол кісінің есімін өз жұртына, жастарға таныту мақсатында біршама істер атқарып келеді. Соның бірі Түркістан сарайында Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Бекет Тұрғараевтың бастамасымен “Жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі” атты 80 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек конференцияны ашық деп жариялап, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың құттықтау хатын оқыды.

    Конференцияға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Қызылорда облыстары мен өзге де өңірлерден ҚР Парламентінің депутаттары, түрлі сала өкілдері, сондай-ақ Ресей Федерациясы Кемерова облысынан келген арнайы қонақтар қатысты. Жиында белгілі ғалымдар мен елімізге танымал зиялы қауым өкілдері қазақтың қайсар ұлы Амангелді Төлеевтің жасаған еңбегімен, ерлігімен, өмірімен және естеліктерімен бөлісті.

    Аман Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Молдағазы Ақтөбе облы­сындағы Ойылда туғанмен, саналы ғұмы­рының бір кезеңінде Шымкентте қызмет істеген. Төлеевтер отба­сы­ның арғы тари­хы да біздің өңірмен бай­ланысты. Аманкелді Төлеев 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы болды. 3 рет (1991, 1996, 2000) Ресей Федерациясының Президенттігіне кандидат болып тіркелген. Амангелді Төлеевті біздің бүгінгі және келер ұрпағымызға тану артық етпес. Өйткені ол – ата­жұртынан қиырда жүрсе де, ақыл-парасатымен, болмыс-бітімімен өз ұлты­ның мерейін өсіріп, елінің абыройын асқақ­татқан қажырлы азамат.

    Ұлы тұлғаларымыздың есімін құр­мет­теп, ұрпақ жадында қалдыру біздің асыл міндеттеріміздің бірі болуға тиіс. Ол біздің ата-баба алдындағы қасиетті парызымыз болмақ. Бұл халық үшін керек, өйткені Амангелді Молдағазыұлы сыртта жүрсе де, жеке үлгісімен ұлтына қызмет етті, халқының адал ұлының қандай болатынын кейінгілердің жүрегіне құйып кетті, деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараев. Айта кетейік, ол орыс жерінде 21 мешіт салғызып, дінімізді құрметтеген кемеңгер тұлға.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.