Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.05.2024162 Views

    Түркістан облысына ҚР денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен келді. Ақмарал Әлназарова сапар барысында “Ақжайық” музыка-мектебінің мәжіліс залында өңірдегі ұйым басшыларымен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, азаматтардың өтініштерін тыңдап, жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар қандай ұсыныс-тілектерін білдірді? Жиында қандай мәселелер талқыланды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын тілшіміз біліп қайтты.

    Жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау министрі ең алдымен жаңадан құрылған, халқы тығыз орналасқан Сауран ауданына барып, ондағы орталық емхананың жай-күйімен танысып, сондай-ақ Түркістан қалалық емхананың жұмысымен танысты. Одан соң “Ақжайық” музыка мектебінің мәжіліс залында Түркістандық тұрғындармен кездесті. Жиында одан бөлек жауапты жергілікті денсаулық сақтау саласына қатысты басшылар, өздерінің атқарып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Алғашқы баяндаманы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев жасады. Ол Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымымен, медико-демокрафиялық көрсеткіштерді, ірі медициналық жобаларды, “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” атты жобасын және қаланың өзекті мәселелеріне тоқталып, оның шешу жолдарын таныстырып, өздерінің ұсыныстарын айтып, өтініштерін министрге жеткізді.

    Кездесу барысында одан бөлек, денсаулық сақтауды дамыту, медициналық-санитарлық алғашқы қызмет ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту секілді мәселелер талқыланды. Брифингте министр Президент тарапынан жылдың басында медицина саласының сыңға ұшырағанын айтып, оның негізі ретінде халық тарапынан түскен арыз-шағымдардың көбеюуі деді. Енді сол мәселелерді шешу жолында, облыстардың жай-күйін, оның шешу жолдарын қарастырып жүргенін хабарлаған Ақмарал Шәріпбайқызы осы Түркістан облысындағы емханаларды аралап, нысандардың жетіспейтінін ескеріп, министр тарапынан бұл мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты.
    Одан кейін еліміздің бас дәрігері мен министр өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Түркістандықтар министрге шет елге берілетін квота, ауру диагноздарын нақтылау бойынша ұсыныстары мен шағымдарын айтты. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы орган өеілдеріне аталған поблемаларды дереу шешуді тапсырды. Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.