Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ІІМ 16 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫН ЖОЙДЫ
    Бас ақпарат

    ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ІІМ 16 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫН ЖОЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.03.2024133 Views

    ІІМ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі есірткі ахуалы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы айтты.

    – Биыл 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды, – деді спикер.

    Жыл басынан бері төрт ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалды.

    16 есірткі зертханасы анықталды. Оның сегізінде синтетикалық есірткі өндірілген. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды. Олардан 128 кг есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленді.

    – Тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артып келеді. Егер 2018 жылы бір жылда жалпы 5 кг жаңа психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бір тоннадан астам психоактивті зат тәркіленді. Ал биыл үш айда 225 кг “синтетика” тәркіленді. Жалпы тоқсан ішінде бір жарым тоннаға жуық түрлі есірткі заңсыз айналымнан алынды, оның ішінде 946 кг марихуана, 237 кг гашиш, – деді Шыңғыс Алекешев.

    Полиция интернет арқылы жасалатын есірткі дилерлігіне қарсы тұруға ерекше назар аударады. “Кибернадзор” ақпараттық жүйесінің көмегімен есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау үшін мәліметтер Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі. Үш айдың ішінде есірткінің таралуы туралы ақпараты бар мыңға жуық сайт анықталып, бұғатталды.

    – Сондай-ақ, есірткі тарататын интернет-дүкендерді анықтау үшін Telegram-бот құрылды. Оған 2000-нан астам қызметкер қосылған. 52 ірі интернет-дүкен, сонымен қатар жалпы аудиториясы 75 мыңнан астам әлеуметтік желі қолданушыларынан тұратын 37 бот жойылды, – деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

    ІІМ “OLX Group” өкілдігімен өзара іс-қимылды жолға қойды. Соның арқасында курьерлік жұмыстың атын жамылып, есірткі жасырушыларды жалдау бойынша жасалған 4300-ден астам хабарландыру өшірілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.