Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»АЛАЯҚТАР АЗАМАТТАРҒА 44 МЛН РЕТ ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ
    Бас ақпарат

    АЛАЯҚТАР АЗАМАТТАРҒА 44 МЛН РЕТ ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.03.2024123 Views

    Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары таниды және бұғаттайды. Осылайша, жүйенің жұмыс істеуі кезеңінде 44 миллионнан астам осындай қоңыраулар тоқтатылды. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

    Сонымен қатар алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеп тауып жатыр. Қазір, негізінен, шетелдік нөмірлерден және WhatsАpp мессенджерінде қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Осылайша, ағымдағы жылы 1 мыңға жуық қылмыс жасалды.

    «Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотына аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады. Сондай-ақ, алаяқтардың сеніміне кірген азаматтар өз еріктерімен несие рәсімдейді немесе олардың айтуымен телефондарына қашықтан қол жеткізу үшін қосымшалар орнатып, банктерден келіп түскен СМС-хабарлама кодтарын хабарлайды. Осылайша, азаматтардың өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді», – деді ведомство өкілі.

    Кейбір жағдайда алаяқтар қолда бар мүлікті — пәтер, автокөліктерін кепілге қояды немесе сатады, ал түскен ақша алаяқтардың шоттарына аударылады. Спикер банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті.

     

    «Министрлік осындай қылмыстарды алдын алуға және ашуға бағытталған шаралар қабылдауда. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда»,-деді Ж.Сүйінбай.

    Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. «Колеса», «Крыша» хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен осындай келісімдерге қол қойылды.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.