Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАН БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ КӨШЕДІ: РЕЙСКЕ КЕШІГІП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАН БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ КӨШЕДІ: РЕЙСКЕ КЕШІГІП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.02.2024155 Views
    29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда  ертерек келу ұсынылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

    2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.

    Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.

    1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.

    Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.

    Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.

    Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.

    Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.

    Осы ретте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желі» ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:

    Air Astana — + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

    FlyArystan — +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);

    SCAT —  +7 7252 99 88 80;

    Qazaq Air — + 7 7273 56 14 14.

    Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.