Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.02.2024220 Views

    Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы I-тоқсанда «Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» мәселені қарау жоспарланған.  Осыған орай, арнайы құрылған уақытша депутаттық комиссия жиын өткізді.

    Жиынды облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Көшенов жүргізді.

    Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыстық энергетика және  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры  Е.Есіркепов және уақытша депутаттық комиссия мүшелері қатысты.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық энергетика және  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Мұздыбеков, «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік ауызсу филиалының директоры  Е.Есіркепов баяндама жасады.

    Р.Мұздыбеков өз баяндамасында 2024 жылы 47 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 13,3 млрд. теңге (ҰҚ-10,8 млрд, тг., РБ-1,2 млрд. тг., ОБ-1,3 млрд. тг.) бөлініп,  ағымдағы жылы 37 нысан аяқталатындығын, ал қалған 10 нысан 2025 жылға өтпелі екендігін жеткізді. Нәтижесінде, 14 елді мекен (Сарыағаш-2, Отырар-1, Төлеби-1, Келес-5, Созақ-4, Қазығұрт-1) ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің (Бәйдібек-1, Арыс-1, Сарыағаш-1, Төлеби-4, Жетісай-2, Мақтаарал-2, Түлкібас-1, Шардара-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

    Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша 8 елді мекенге (Сарыағаш-3, Келес-2, Мақтаарал-1, Шардара-2) кешенді блок-модуль қондырғысы орнатылатын болады.

    2024 жылдың қорытындысымен, 832 елді мекеннің 761 елді мекенін (7 қала, 754 ауылдық елді мекен) немесе 91,7% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

    Баяндамашыларды тыңдағаннан соң,  депутаттар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

    Жиын соңында комиссия төрағасы С.Көшенов келесі отырысқа  ұсыныстар енгізу үшін депутаттарға тиісті мамандармен аудан, қалаларға бірге барып, зерделеу  жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.