МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ 32 ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫРДЫ

Бүгінде салық органдары қазақстандықтарға 42 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олардың 25-і — салық және 17 –сі — кеден қызметтері. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

«Электрондық қызметтерді дамытудың шеңберінде қазіргі таңда қаржы институттармен өте жақсы қарым-қатынас орнатылған. Айта кететін болсақ, Kaspi, Halyk bank, Bank Center Credit банкі арқылы қазіргі таңда 39 салық есептілігін тапсыруға болады. Басқа да цифрлық платформалар арқылы да осы қызмет түрлері іске асырылып жатыр», – деді спикер.

Бүгінгі таңда ең танымал цифрлық платформалардың бірі – E-salyq. Мобильді қосымшада тіркелу салық органына бармай-ақ, онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2020 жылдан бастап жеке тұлғалардың салықтарды төлеуіне ыңғайлы «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылған. Оны пайдаланушылар саны 4,5 миллионға жетті.

«Қазіргі таңда жалпыға бірдей деларациялау шеңберінде кіріс декларациясы, декларацияның басқа да түрлерін толтыру осы қосымша арқылы іске асырылады. Уақыт шеңбері 2 минуттан аспайды. Жеңіл, тез, қосымша ақпарат берілген. Тек осы қосымша арқылы пайдаланушылар 3 миллион декларацияны электрондық түрде тапсырды», – деді ведомство өкілі.

Екінші қосымша – Е-Salyq-Business. Жеке кәсіпкерлер қызметтің 33  түрі бойынша осы қосымша арқылы салық мөлшерін біліп, такси, курьер, жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі қызмет, құрылыс жұмыстары, техниканы жөндеу, шаштараз сынды қызметін іске асыра алады. Қазіргі таңда оны пайдаланушылар саны 312 мыңды құрайды. Мұнда дара кәсіпкер ретінде тіркелуге болады. Қосымша бақылау-касса машинасының чектеріне тең келетін чектерді береді. Сондай-ақ алынған кірістерді автоматты түрде есепке алуды жүргізу және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуге болады.

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...