Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҰБТ-НЫҢ ШЕКТІ БАЛДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
    Бас ақпарат

    ҰБТ-НЫҢ ШЕКТІ БАЛДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.02.20242 342 Views

    2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды.

    Алайда, оқуға түсу үшін 50-ден астам балл жинау қажет дайындық бағыттары бар. Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

    «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» мамандығына түскісі келетіндерге кемінде 60 балл жинау қажет.

    «Сондай-ақ, талапкерлер әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын қоя алатындығын да ескеру керек. Бұл құқық оларға төрт жыл бұрын академиялық еркіндік негізінде берілген еді. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика мұғалімі мамандығына ұлттық жоо-ға түскісі келеді. Баршаға мәлім, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл кемінде 75 балл, ал ұлттық оқу орындарына – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, таңдалған университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек. Жоғары оқу орындарының шекті балы жақын арада ҰТО сайтында жарияланады», — деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

    Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан тарихы» және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша шекті балл – кемінде 3 балл.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.