Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚЫЗЫЛКӨПІР ТОПЫРАҒЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА
    Айғақ MEDIA

    ҚЫЗЫЛКӨПІР ТОПЫРАҒЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.12.2023315 Views

    Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш кіндік қаны тамған жерінде ауылдастарымен кездесті.

     Қызылкөпір — төл перзентінің тұлға болып қалыптасуында орны ерекше тарихи жер. Бүгінгі Дулат Әбішті ел таныса, кешегі бала Дулаттың болмыс-бітімін Қызылкөпір ғана біледі. Екеуі — егіз жаратылыстай.

    Мұхамеджан Тынышбаев атындағы №3 мектептің ұжымы мәслихат депутаты, облыстың «Құрметті азаматы», ұстаз Дулат Әбішпен кездесу ұйымдастырып, 3 буынның арасын жалғаған тағылымды шара өткізді.

    Келелі кездесуге мектеп ұжымы, балалармен қатар оқушы Дулатқа білім берген ұстазы Сейдахмет Қожамжаров, үзеңгілес достары, ақпарат саласындағы әріптестері, сондай-ақ, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы,

    Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Асқар Кенехан,

    Арыс қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Талғат Анашбеков, Арыс қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұматай Мұхаев қатысты.

    Білім бірген ұстазы, қатарластары, журналистикадағы әріптестері мен жас толқынның басын бір арнаға тоғыстырған кездесу – уақытты артқа қарай жылжытқандай болды.  Ел үшін жасап жүрген игілікті істері мен депутат ретінде орындап жатқан жұмысын қоғам біледі.  Осы тұста мектеп оқушыларының бәрін білгісі келіп қойған сұрақтары белгілі саланың маманы, халық қалаулысының емес, тұлға болып қалыптасқан Дулат Әбіштің әлемін ашты. «Жүрегім өте нәзік» деген ол шәкірт тәрбиесі, достық туралы сыр шертті.

    Кездесуде орамды ойын айтып, пікір білдірген азаматтар да: -Дулат Әбіштің өмір жолы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолындай бір тегіс емес, бұралаңға толы,-деп, әр кезеңнен әңгімеледі.

    Кездесудің ерекшелігі – ашықтықта. Еркін форматтағы жүздесу емен-жарқын әңгімелесуге мүмкіндік берді. Екі сағатқа жалғасқан пікірлесуде – субъективті ой, шынайылыққа негізделген әзіл-қалжың да болды.

    Бастысы, кездесуде — мақсатқа, жетістікке жету үшін былай жасаңыздар дейтін ақыл сағаты емес, үш буын да өнеге аларлық өмірлік сабақтар айтылды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.