Шымкенттің туризм тынысын ашқан Шымқала тарихи-мәдени-кешенінің құрылғанына 2 жыл толды. Еліміздің үшінші мегаполисінің әлеуетін айшықтап, келушілерге есігін айқара ашқан орталық жарқын істерімен ерекшеленіп келеді. Алғаш осында қазба жұмыстарын жүргізген археолог ғалым Бауыржан Байтанаев қолға алынатын істердің әлі де көптігін айтады. Тек мәдени шаралармен шектеліп қалмай, тарихпен байланысты әрекеттерді қолға алу міндеті тұр. Әсіресе, Шымкент тарихына қатысты өзінің мұражайы қажеттігін айтады. Жалпы «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізді.
СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ
Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...










