Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТӘРКІЛЕНГЕН ЕСІРТКІ ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛАДЫ
    Бас ақпарат

    ТӘРКІЛЕНГЕН ЕСІРТКІ ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.10.2023201 Views

    Жыл сайын полиция 30 тоннадан астам есірткіні анықтайды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Оның негізгі бөлігі еліміздің оңтүстік аймақтарында өсірілген қарасора болып отыр. Сонымен қатар 450 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленеді. Заңсыз айналымнан алынғаннан кейін олармен не болатынын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов айтып берді.

    – Тәркіленген есірткі дереу сараптамаға жіберіледі. Сол үшін олардың әр партиясынан осы есірткінің аса үлкен мөлшеріне тең үлгі алынады. Ол қылмыстық іске қосылып, заттай айғақтар камерасына тапсырылады. Қалған есірткі полиция, прокуратура және денсаулық сақтау органдары қызметкерлерінің қатысуымен міндетті фото және бейне түсірілім жасала отырып, комиссиялық түрде жойылады. Сот үкімі күшіне енгеннен кейін іс бойынша дәлелдемелер ретінде өтіп жатқан есірткі үлгілері де жойылады, – деді Имажанов.

    Спикердің сөзінше, есірткіні жою арнайы жабдықталған пештерде жүргізіледі. Қалған күл химиялық өңдеуден өтеді, бұл оларды толығымен жоюға мүмкіндік береді.

    – Жойылғанға дейін полиция тәркіленген есірткіні қорғаудың күшейтілген шараларын қабылдайды. Бұл әсіресе құрамында есірткі бар өсімдіктердің салмағы бір факті бойынша жеті тоннаға жетуі мүмкін және есірткінің мұндай көлемін заттай айғақтар камерасында сақтау мүмкін болмайтын кезде, өсірілген қарасора дақылдарын жою кезінде ерекше маңызды, – деп атап өтті департамент бастығы.

    Мысалы, қыркүйек айында Павлодар облысында есірткіге қарсы күресуші полицейлер 60 келіден астам ауған героинін тәркіледі – бұл еліміздің ішкі қара нарығындағы соңғы жылдардағы рекордтық партия. Оның құны 915 млн теңгеден асты. Осы тәуекелдерді ескере отырып, полицейлермен қылмыскерлер ұсталып, героин тәркіленген сәттен бастап арнайы мақсаттағы жауынгерлер тартыла отырып, күзет ұйымдастырылды. Есірткі жою орнына да күшейтілген әскерилендірілген күзетпен жеткізілді.

    Ведомствода түсіндірілгендей, қазір синтетикалық есірткінің жасырын өндірістерінен алынатын прекурсорларды жою өзекті болып отыр. Осы жылдың 9 айында есірткі өндірісінде қолданылатын 79 тоннадан астам химикаттар тәркіленді.

    Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істер бойынша заттай айғақтар ретінде тәркіленген прекусорларды, улы заттарды және басқа да химиялық өнімдерді қауіпсіз жою үшін өнеркәсіптік субъектілерге өтеусіз негізде беру алгоритмдері әзірленетін болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.