Жас отбасылар арасында спорттық сайыс өтті. Шара «PARK KZ FITNESS» жобасы аясында ұйымдастырылған. Қала аумағынан 10 команда бас сынасты.
«Салауатты отбасы — салауатты қоғам». Бүгінгі шараның тақырыбы да, стиліде өзгеше. Себебі жас отбасылар арасындағы бірлікті, татулықты айқындап көрсету бүгінгі шараның басты мақсаты. Сайысқа ерекше дайындықпен келген Алау командасы, мегаполисімізде ұйымдастырылып тұратын спорттық шаралардан төбе көрсетіп жүреді. Бүгінде жеңіске жететіндеріне сенімді.
Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру қоғамның реттілікпен қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Толығырақ «Айғақ» тв ютуб арнасынан көре аласыз.