Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»КАРДИОХИРУРГИЯ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
    Бас ақпарат

    КАРДИОХИРУРГИЯ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.10.2023Updated:26.10.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Шымкентте кардиология саласын дамыту бойынша халықаралық конференция басталды. Екі күнге жалғасатын шарада шетелден және еліміздің өзге өңірінен келген дәрігерлер жүрек қызметін жақсарту бойынша тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алуда.
    Халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, үшінші мегополистегі кардилогия саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті.
    «Бүгінгі күні Шымкент жүрек орталығы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қала және Түркістан облысы тұрғындарына көрсетеді. Орталық медициналық қызметтердің сапасын жоғары мамандандырылған медициналық көмектің үлесін арттыра отырып, стент-графт, ЭКМО, Tavi, LVAD имплантациясы сияқты жаңа технологияларды енгізді. 2019 жылдан бастап 2023 жылдың ағымдағы кезеңіне дейін, 16 жаңа технология енгізіліп, 230-дан астам қызметкер біліктілігін арттырды, 34 мастер-класс және 2 халықаралық конференция өткізілді. Орталықтың осы жетістікке қол жеткізуі тікелей Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, ел тарихындағы алғашқы жүрек трансплантациясы 2012 жылы арамызда отырған Юрий Владимирович Пяның басшылығымен Астана қаласында жасалып, қазіргі таңда оның саны 90-ға жеткен. Конференцияға қатысушыларға, өткізілетін мастер-класстарға нәтижелі жұмыс тілеймін. Осы конференцияның өтуі Шым қала тұрғындарының денсаулығын көтеретініне сенімдімін»-деді Қ. Асылов
    Жалпы конференция барысында теориялық практикамен қатар дәрігерлер жоғары мамандандырылған оталарды жасау бойынша біліктіліктерін арттырады. Шараның басты мақсаты-созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазақстандық және шетелдік кардиология, кардиохирургия мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
    Конференция қорытындысы бойынша Орталық Азияда созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бағдарламасын дамыту мәселелері бойынша шаралар іске аспақ.
    Еске сала кетейік, биыл алғаш рет қаладағы Жүрек орталығында еліміздің бас кардиохирургі Юрий Пяның қатысуымен жүрек алмастыру отасы жасалды. Операция сәтті өтіп, дәрігерлер 61 жастағы тұрғынның жүрегін хирургиялық жолмен алмастырып берді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.