Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
    Айғақ TV

    ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.10.2023Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте алғаш рет қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі өтуде. Шараға келген 13 елдің өнер ұжымдары 5 күн сахналық қойылым қойып, қала тұрғындарына өнерлерін паш етпек. Айтулы жиын мегаполистің қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

    Шымкентте өтіп жатқан қуыршақ театрларының І халықаралық «Puppetland» фестивалі 13 қазаннан бастау алды. Жиынға Армения, Польша, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Чехия, Эстония, Тәжікстан мен еліміздің бірқатар өңірлерінен өнер ұжымдары қатысуда. Айтулы фестивальдің шымылдығы Арбат алаңынан басталды. Шараның ашылуын қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов бастап, ұжымды, өнер иелерін құттықтады.

    Фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – отандық қуыршақ театры өнерінің дамуына үлес қосу, әртістердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, мұндай шаралар мәдениет саласын дамыту бойынша халықаралық байланыстарға жол ашады.

    Арбат алаңына жиналған әр елдің өнерпаздары өзіндік сахналық киімімен дараланып, қала тұрғындарын қызықтырды. Түрлі тақырыпқа құрылған спектакльдер 13 қазаннан бастау алып, 5 күн бойы, яғни 18-не дейін жалғасын табады.

    Шараның ашылу салтанатынан соң қалалық орыс драма театрында баспасөз конференциясы мен театрлар арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті.

    Айта кетейік, фестивальге шет елдерден келген 13 өнер ұжымы мен еліміздің 7 қуыршақ театры қатысып жатыр.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.