Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»МҰРАҒАТ — ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР ҚОЙМАСЫ
    Жаңалықтар

    МҰРАҒАТ — ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР ҚОЙМАСЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.09.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы. 21 қыркүйекте еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде Ашық есік күні өтті. Мақсат — өскелең ұрпақты тарихты зерделеуге баулу. Жоспарға сәйкес Ресей мемлекетінің архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы «Шымкент өңіріне тарихи саяхат»  тақырыбымен жас тарихшылар пікірталас алаңына топтасты.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жоба аясында мегаполистің мұрағатында ашық есік күні өтті. Арнайы шара жастарды Отансүйгіштік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу, аға буынның еңбек жолдарын үлгі ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыруға баулиды дейді ұйымдастырушылар.

    Ауқымды іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының  білім алушылары мен жалпы орта мектеп оқушылары қатысты. «Оқушылар сарайының» көркемөнерпаздары күй мен әннен шашу шашып,  көрермендерді сүйсінтті. № 80 ІТ лицей-мектебі  мен  №62-ші  Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары архивтік құнды құжаттар негізінде жасалған «Тарихыңды тани біл» атты көрменің таныстырылымы және архивке экскурсия жасады.  «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес Ресей мемлекетінің архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы «Шымкент өңіріне тарихи саяхат» тарихи-сабақ, оқушылар арасында тарихи оқиғаларға қызу пікірталас жүрді.

    Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құрушылары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері «Құрмет» орденінің иегері, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы», белгілі актер — Мұхан Шакировпен,  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі, қаламгер Жүнісова Фатима Забурақызы мен «Мұрағат ісі» факультетінің студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Шымкент қаласының ежелгі тарихынан бастап бүгінге дейінгі құнды құжаттарды, күнделікті болып жатқан елеулі оқиғаларды архивке жинап, ертеңгі ұрпаққа қалдыруда аянбай еңбек етіп жатқан мұрағатшылардың еңбегі ерен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.