• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«ТӘРТІПТІ ЖАСТАР — ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖАСТАР ФОРУМЫ

07.09.2023
0

Түркістандық полицейлер ерекше форум өткізді. Жастарға арналған іс-шара әдеттегі жиналыс форматында емес, әсерлі көрініспен, мағыналы бейнероликтің көрсетілуімен және елімізге белгілі спикерлердің қатысуымен ерекшеленді. «Тәртіпті жастар — қауіпсіз қоғам» атты форум жастарды ұлтжандылыққа, отанды құрметтеуге бағытталған.

 Түркістан қалалық полиция басқармасы қоғамдағы құқық бұзушылықты азайту жұмыстарын жүргізуде жастарға көңіл бөлінуде. Себебі, кез-келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Құқық қорғау органдарының негізгі қызметі – кәмілетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім-тәрбие беру. Ал, осы тұста рухани мекен Түркістан қаласының жастары еліміздің өзге өңірлеріне үлгі бола алуы керек. Түркістандық тәртіп сақшылары жастарға арналған форумды ерекше форматта өткізіп, патриоттық сезімді арттыратын іс-шара ұйымдастырды. Қожа Ахмет Ясауидің жастарға арналған сөзімен басталған жиын, тарихтағы қоғам қайраткелерінің өсиетін жеткізген қойылыммен ашылды.
Айта кетейік, облыс орталығындағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 70 256. Бұл қала тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков өз баяндамасында қаланың рухани астанаға айналуы жолында жастарға артылар міндеттің салмақты екенін айтып, еңбек, білім және тәрбие тақырыптарының маңыздылығын тарқатып өтті.

Қала прокуроры Каукен Нәрікбаев өз кезегінде 2019 жылдан бастап «Түркістан — қауіпсіз қала» бағдарламасы бекітіліп, бүгінде үшінші кезеңі жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бағдарлама аясында зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету жөніндегі «Дағдарыс» орталығы құрылған, мектептер бейнекамералармен, ішкі санитарлық жүйемен қамтамасыз етілген. Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып, мектептерде құқық қорғау, төтенше жағдайлар, медицина, психолог мамандарының қатысуымен кездесулер өткізілген екен.

Жиынның мазмұнын ел арыстарының сахналанған монологы аша түсті. Елімізге белгілі, білікті актерлер сомдаған Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Міржақып Жулатов, Жүсіпбек Аймауытов және Алихан Бөкейхановтың бейнелері мен олардың айтқан сөздері әрбір көрерменге ерекше әсер етпей қоймыды. Қойылым соңында Алаш арыстарының атынан Түркістан жастарына кітап аманатталды.

 «Тәртіпті жастар – қауіпсіз қоғам» форумының маңыздылығын Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев өз сөзінде баяндап, бейнероликпен түсіндірді. Сонымен қатар, қаладағы қылмыстық ахуал жөнінде баяндама жасап, жастарға заңды білмеу — жауапкершіліктен құтқармайтынын жеткізді.

Форумға спикер ретінде шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берденов Руслан Арысбекұлы, кәсіпкер, Қазақстан Республикалық “Qazaqstan team” жастар бірлестігінің жетекшісі, ұлттық Құрылтайдың мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Олжас Сүлейменов, ақын, жазушы, аудармашы Абай Батырұлы Қалшабек арнайы түрік әлемінің рухани-мәдени орталығы атанған Түркістанды еліміздегі ең қауіпсіз қоғам ету төңірегінде өздерінің пікірлерін жеткізді. Жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі жастар болуға шақырды.

“Алаш тобы” рухты ән шырқап, қатысушыларға керемет әсер сыйлады. Кешті облыстық ақсақалдар ұйымының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов қорытындылап, жастарға бата берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.