• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.2023
0

Түркістан облысында 2023 жылы 33 мектептің құрылысын жүргізуге түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 млрд. теңге қаржы қаралған. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 6 мектепті 1 қыркүйекте ел игілігіне ұсыну көзделіп отыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алып, уақтылы аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау керектігін ескертті.

– Мектептер өз уақытында салынып, ел игілігіне берілуі тиіс. Құрылыс жоспары, мерзімі бойынша қателікке жол беруге болмайды. Қазір бюджетте қаражат тапшы екенін білесіздер. Әрбір тиынды тиімді жұмсап, міндетті сапалы атқарған жөн. Құрылысы кешеуілдеп жатқан кейбір білім ұяларына жауапты мердігерлерге қатаң ескертіңіздер. Жұмыс жоспардағыдай жүрмейтін болса, жауапты басқарма мен өзге де мекеме басшыларының жауапкершілігін де қараймыз. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуы қажет. Құрылыс баяу жүріп жатқан нысандарда іс барысын бақылап, жұмысты жандандырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық құрылы басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, Сарыағаш ауданында 300 орындық, Сайрам ауданында 300 орындық, Түлкібас ауданындағы 150 орындық, Арыс қаласындағы 200 орындық мектептердің құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, 1 қыркүйекте тапсырылады. Келес ауданындағы Абай атындағы №46 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салу жұмысы да қатаң бақылауда. Сонымен бірге Түркістан қаласында 500 орындық жатақханасы бар 700 орынға арналған мектеп-интернат та жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде. Басқарма тарапынан өз міндеттерін дұрыс атқармай отырған мердігерлерге заң аясында шаралар қабылданып, айыппұлдар салынған. Өңір басшысы мектеп құрылысына немқұрайлы қараған кейбір мердігерлермен келісімшартты үзуді тапсырды.

Жиында Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өңірдегі мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндады. Өңірде Түркістан білім басқармасына қарасты 1275 білім беру мекемесі жұмыс істейді. 2021 жылы – 13 мектеп, 2022 жылы 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2023 жылға 20 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралды. Қазір 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілген. 11 мектеп қыркүйек айына дейін дайын болады. 5 мектептің қаржысы мен жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Previous Post

ӨЗІМІЗ ОТЫРҒАН БҰТАҚТЫ ШАУЫП… ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС САПАСЫН ҚАЛАЙ НАШАРЛАТЫП ЖҮР?

Next Post

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.