Шымкенттегі «Оңалту орталығы» халықаралық талапқа сай күрделі жөндеуден өтуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысымен танысуға шаһар басшысы барды. Кестеге сай тамыз айына дейін жұмысты аяқтауды ескерткен әкім Мемлекет басшысының: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жан-жақты кешенді оңалту шаралары қажет, -деген тапсырмасы барын атап өтті.
1975 жылы іргетасы қаланған ғимаратта ерекше 167 оқушы білім алуда. Оларды 56 білікті педагог оқытса, логопед пен психолог кабинеттері, сенсор бөлмелері, израильдік технологиямен жасалған мультимедиялық білім беру жүйелері қайтадан жаңартылып, заманға сай жабдықталуда. Жалпы, Оңалту орталығында 11 топ бар. Олар – құлақ және тіл мүкістігі бар, дамуы тежелген балалармен тығыз байланыса жұмыс істейді.