Биыл 1985-1986 жылы туған азаматтардың мектеп бітіргеніне 20 жыл толды. 2003 жылы алтын ұямен қоштасқан сыныптастар бүгінгі соңғы қоңырау күнінде өз мектептеріне қадірлі қонақ болып келуде. Түлектер #26 Жамбыл жабаев атындағы мектеп-гимназиясына алғыс ретінде рәміздер тақтайшасын сыйға тартты.
Уақыт деген зымыран! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», — деп ұлы Абай атамыз айтқандай арада 20 жыл уақыт өтіп, бүгін №26 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының 2003 жылғы түлектері кездесуде. 11 жыл мектеп партасында отырып, біліммен сусындаған шәкірттер бүгінде бір-бір қызметті тізгіндеп, түрлі маман иесі атанған. Ерекше толғаныспен ыстық ұяның табалдырығын қайта аттаған түлектер, жастық шақтарын еске алып, ұстаздарымен сырласуда.
Сыныптастар мектеп ұжымына және оқушыларға тарту ретінде рәміздер тақтайшасын сыйға тартты. Жастардың патриоттық сезімін оятатын стенд 20 жылдық түлектердің өз қаражаты есебінен сатып алынды. Бұрыңғы түлек бүгінгі жас түлектерге үлгі болып, ақ тілектерін білдірді.Бақытты балалық шақ пен жалынды жастық шақтың куәсі болған алтұн ұя мектеп әр адам үшін ыстық мекен. Онда өткен әрбір сәт пен көңілді кездерді ұмыту, естен шығару мүмкін емес. Ал, қара шашын ағартып, ғұмырын білім беруге арнаған ұстаздардың орны мен еңбегі ерекше. Алғыстың қаншасын айтсақ та аз болары сөзсіз.Айғақ-ақпарат