Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
    Жаңалықтар

    ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.05.2023430 Views

    Шымкентте 2024 жылы 600 млн теңгеге дағдарыс орталығы бой көтереді деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінде өткен «қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың жоспарын» талқылау барысындай айтылды. Алайда мамандар қала аумағандағы 5 ауданнан да ашуды ұсынды.

    Бүгін, Шымкент қаласы Полиция департаментінде Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» бойынша іс-қимыл жоспары талқыланды. Консультативтік кеңес отырысында Шымкент қаласы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзі төрағалық етіп, баяндама жасады.

    Мегаполистің бас полицейі соңғы кездері ең өзекті мәселеге айналып отырған интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және есірткі қылмыстарының себеп салдары мен статистикасына жеке дара тоқталып, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап айтты. Қазіргі таңда Шымкент қаласында халық саны жыл санап артуда. Алайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық та көбеймесе азаяр емес. Бүгінде дағдарыс орталығын паналаушылар үшін орын санының жетіспеушілігі байқалады екен. Осы мәселені шешу мақсатында қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың жоспарында 2024 жылы 600 млн теңгеге бір орталық ашу көзделген . Жиынға қатысқан қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева дағдарыс орталығын 5 ауданнан ашуды ұсынды.
    Одан бөлек жиында интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы мен жол апаты жағдайларының алдын алуға және полиция қызметінің сапасын жақсартуға арналған 5 жылдық жоспарды назарға ұсынды. Айта кетейік бүгінгі жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала прокурорының орынбасары Бахтияр Мухамеджан, мәслихат хатшысы Бахадур Нарымбетов, қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен төтенше жағдай жөніндегі департамент басшылары, экономика, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері және баспасөз тілшілері де қатысты.

    Бұл туралы Айғақ-ақпарат хабарлайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.