Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТІК ДЕҢГЕЙІ 82 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТІК ДЕҢГЕЙІ 82 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2023Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82 пайызды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

    «Қазіргі уақытта Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82 пайызды құрайды. Бұл — Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан Дания мен Польша сияқты Еуропалық одақ елдерімен бір деңгейде тұр. Қауіпсіздік деңгейінің үздіксіз өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы еуропалық модель негізінде азаматтық авиация жүйесі түбегейлі реформаланды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрылды. Оған заңнамалық деңгейде азаматтық авиация саласындағы бақылау-қадағалау функциялары берілді. Осы ұйым құрылған сәттен бастап 934 тексеру және сертификаттау жүргізіліп, ұшуды орындау үшін 1 500-ге жуық рұқсат ету құжаттары берілді», — деді Марат Қарабаев.

    Оның атап өтуінше, сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген 7 әуе компаниясының пайдаланушы сертификаттарының күші жойылды немесе кері қайтарылды. Сондай-ақ 7 әуежайдың ұшу-қону жолағын пайдалану уақытша тоқтатылды.

    «Бүгінгі күні Азаматтық авиацияның мемлекеттік тізілімінде 915 әуе кемесі бар. Өз қызметін 55 қазақстандық пайдаланушы жүзеге асыруда. Тұрақты жолаушылар тасымалына 5 әуе компаниясының 90 ұшағы тартылған. Жаңа модель енгізілген сәттен бастап оқиғалар санының төмендеуі байқалады», — деді министр.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.