Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ЕЛЕНА РЫБАКИНА РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ ТЕННИСШІМЕН ОЙНАЙДЫ
    Бас ақпарат

    ЕЛЕНА РЫБАКИНА РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ ТЕННИСШІМЕН ОЙНАЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.05.2023251 Views

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды.

    Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді.

    Б.Фрухвиртова – негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған теннисшінің бірі.

    Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцеваның рейтингте 88-сатыдағы бельгиялық Марина Заневскаямен кортқа шығатыны жеребе тартылған кезде-ақ белгілі болған-ды.

    Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды. Ол да іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингте 129-сатыдағы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.

    Іріктеу сайыстарында сәтті ойнап, Франция ашық чемпионатына алғаш рет жолдама алған 22 жастағы Тимофей Скатов тәжірибелі қарсыласқа тап болды. Ол әлемнің 33-ракеткасы, 32 жастағы болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.

    Қазақстандықтардың жекелей сындағы осы төрт матчы да 28 мамыр, жексенбі күнге белгіленген.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

    Сондай-ақ Тимофей Скатов алғаш рет Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алды.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.