• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ЕЛЕНА РЫБАКИНА АЛҒАШ РЕТ РИМ МАСТЕРС ТУРНИРІНІҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

20.05.2023
0

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы Е.Рыбакина ойынды брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін өзі доп берген тартысты геймде төртінші сетболын пайдалана алды – 6:2.

Есесіне екінші партияда латвиялық теннисші алға кетті – 2:0. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты есеп 4:2 болғанда, бәсекеде үзіліс болды. Үзілістен кейін Е.Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға кетті – 5:4. Сосын екінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Е.Остапенко 7 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс жарысының финалына шықты.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметованы жолдан тайдырды – 7:5, 5:7, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Париж турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша үздік өкілдердің қатарына енді.

ҚазАқпарат

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАНАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР АЗАЙМАЙ ОТЫР

Next Post

ТҮРКИЯДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: БІРІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.