Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТЕҢБІЛ ДОП ТУРНИРІ
    Айғақ MEDIA

    ТЕҢБІЛ ДОП ТУРНИРІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.05.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ала допты жанына серік еткен мегаполистің жас футболшылары арасында турнир өтті. Теңбіл доп тартысын ұйымдастырған — «FGS-Болашақ ұрпақ мектебі». Жастарды алаңда алға шығаруды мақсат еткен сайыста салауатты өмір салты насихатталды, Жеңісті жақындатқан батырлардың ерлігі айтылды.

     Денсаулық — зор байлық, ұрпақ саулығының негізі. Қанатты сөзді темірқазық еткен FGS-Болашақ ұрпақ мектебі шымкенттегі 6-7 сынып оқушылары арасында футболдан турнир ұйымдастырды. Шаһардың 10 білім ұясы қатысқан сайыс — үлкен додалардың бастауы болмақ. Өйткені, қазір ала доп шеберлері, спорттың бұл түріне қызығушылардың саны өте көп. Жарысты ұйымдастырушылар осыны ескере отырып, жас балалардың жігерін шыңдағымыз келеді дейді.

    Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектептің алаңында өткен футбол ойыны тартысты болды, төрешіге өзара мықтыны анықтау оңайға соқпады.  Аяқ допшылар қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жаттықтырушылар бұл сайысқа қатысты пікір білдіріп, маман ретінде бағасын берді.

    Ойын нәтижесі бойынша жеңісті Пушкин атындағы №1 білім ұясы алды. Ал жүлделі 2,3-ші орынды 29, 36-шы мектептер бөлісті. «FGS-Болашақ ұрпақ мектебі ұйымдастырған турнир қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар марапатталып, кубок табысталды. Салауатты өмір салтын насихаттайтын сайысқа демеуші болған жеке кәсіпкер Ақылжан Тасқымбаев бас жүлдені алған командаға  50 мың теңгені табыстады.

    Турнир басынан-ақ ерекше ептілік пен өзгеше ойын өрнегін көрсеткен №29 мектептің оқушысы Усман … «Ең үздік ойыншы» номинациясын алды. Сайыстың тартысты өткенін айтқан футболшы қарсыластарының мықты екендігін жасырмады. Жеңіс күні қарсаңында жас спортшыларға патриоттық рух сыйлаған, шаршы алаңда шеберлігін шыңдаған турнир алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.