Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.05.2023400 Views

    Шымкентте тірек-қимыл ауруларын емдейтін — Belmed медициналық сауықтыру орталығы жұмысын бастады. Заманауи техникамен жарақтандырылған медициналық нысан Қаратау ауданынан бой көтерген.  Кезінде бел омыртқа ауруына шалдығып, талай дәрігердің есігін тоздырған орталықтың құрылтайшысы шаһар халқы үшін керек сауықтыру орнын ашуды жөн көріпті. Мекеме 40 адамды қабылдауға қауқарлы. Халықтың  өмір сүру көрсеткішін арттыратын  жаңа нысанның лентасын Қаратау ауданы әкімдігі мен құрылтайшысы қиды.

    Ашылу салтанатына қатысқан Рахымберді Мүлкеманов аудандағы медицина саласы бойынша көрсеткішті тізбектеп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынатын медициналық мекемелерге тоқталды.

    Бас дәрігер Нұрсұлтан Қабатаевтың айтуынша, сауықтыру орталығы – көпсалалы. Мұнда келген тірек қимылында, мойын, бел омыртқасында ақауы бар және остеохондрозбен ауыратын науқастарға түрлі ем шаралар жүргізіледі. Яғни, жарықпен, электр тоғымен емдейді. Сондай-ақ, массаж, тұзды шахта, ер мен әйелдерге жеке бассейн бар. Сапалы, қуатты құрал-жабдықтармен қамтылған.

    Орталықтың құрылтайшысы Меруерт Сансызбайқызының мамандығы есепші. Кезінде бел омыртқасының ауруына шалдығып, еліміздің түкпір-түкпірінен ем іздеген ол мегаполистен білікті дәрігерлер шоғырланған, жоғары сапада қызмет көрсететін орталық ашуға бел буған екен.

    Орталықта 21 маман қызмет атқарады. Тәуліктің барлық уақытында жұмыс істейтін мекемеде бір мезгілде 40 науқас ем қабылдай алады. Бірегей нысанның қызметі — әлеуметтік саланы жаңғырту мен халықтың өміп сүру сапасын арттыруға арналады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.