Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бәйдібек»БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
    Бәйдібек

    БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.03.2023258 Views
    Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жастар сарайында Шаян ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуде аудан басшысы өткен 2022 жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, 2023 жылы атқарылатын бірқатар жоспарлармен бөлісті.
    Есептік жиында тұрғындар ауыз су, малды өріске шығару мен пада жайылымдық жер және өзге де мәселелерді қозғады. Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша аудан басшысы мен тиісті мекеме басшылары және ауыл әкімі жауаптарын берді.
    – Барша аудан тұрғындарын және бүгінгі жиынға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, Шаяндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Биыл пайдалануға беріледі. Су құбырын жаңарту кезінде қазылған жолдарды жөндеу мақсатында биыл орталықтағы 14 көшеге жаңадан асфальт жол төселеді. Жұмыстар осы наурыз айының аяғында басталады. Қалған жолдар қаржыға байланысты кезең-кезеңімен жөнделетін болады. Екі қабатты үйлердің шатырлары ауыстырылып, қасбеттері жөнделеді. Орталық көшелердің бойынан төрт жерге бір мезгіл тұрғындар демалып отыратын шатырлар орнатылатын болады, – деді Ержігіт Шәріпбеков.
    Сонымен қатар құрылысы жүргізіліп жатқан 100 мың кітап қорына арналған кітапхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Шаян ауылынан 170 гектар (1160 учаске) жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
    Аталған инфрақұрылым аяқталғанда кезекте тұрған жалпы 1495 азамат үй іргелік жермен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ 1 қабатты 20 үйдің және орталық стадион құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп сараптамалық қорытындысы алынды.
    Жалпы аудан орталығында биыл атқарылатын бірнеше жоба бар. Бұл жобалар қаржыға байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асады.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.