Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»2023 ЖЫЛЫ ҮШ МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ
    Бас ақпарат

    2023 ЖЫЛЫ ҮШ МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2023128 Views

    Биыл бірқатар ауқымды теміржол жобалары жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

    «Кейінгі 3 жылда 8 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар салынды әрі жөнделді, сондай-ақ 9,5 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Нәтижесінде, стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 91 процентке дейін, жергілікті желіде 85 процентке дейін артты. 2023 жылы 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта салу және жөндеумен қамту жоспарланған», — деді Р. Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.

    Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасы аясында стандартты жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100% және жергілікті желідегі автомобиль жолдарының үлесін 95% процентке жеткізу міндеті қойылды.

    Бұдан бөлек ол бірқатар ауқымды теміржол жобалары да жүзеге асырылатынын айтты.

    «Жоспарланған шаралардың нәтижесінде транзит көлемі 30% пайызға артады. Жалпы, заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады», — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары еліміздегі жылу электр станциялары мен электр желілеріне ревизия жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл тексеру биылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

    2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен қамту 100 пайызды құрайды.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.