Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған турнирде өнерін аяқтады.
Финалда үш қазақстандық спортшы жекпе-жек өткізді: Римма Волосенко (60 кг), Лаура Есенкелді (63 кг) және Валерия Аксенова (+81 кг).
Римма Волосенко Словакия өкілі Мирослава Единаковамен кездесуі керек еді. Алайда Қазақстан боксшысының қарсыласы рингке шықпады.
Лаура Есенкелді ағылшын спортшысы Ханна Робинсонмен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі дауысымен жеңіске жетті.
Ақтық сынның соңғы жұбы болып рингке Валерия Аксенова мен польшалық Агата Качмарская шықты. Төрешілердің бірауызды шешімімен В.Аксенова күміс медальға лайық деп танылды.
ҚазАқпарат