Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ПРЕЗИДЕНТ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЛЫ: «ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУЫ КЕРЕК»
    Айғақ MEDIA

    ПРЕЗИДЕНТ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЛЫ: «ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУЫ КЕРЕК»

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.01.2023182 Views

    Құрылыс компаниялары заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын заңсыз тартып келеді. Бұл ретте Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Тұрғын үй құрылысы саласында қордаланған көптеген мәселе бар. Инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігінен әкімдік тұрғын үй құрылысын біртіндеп бәсеңдетуді ұсынады. Ал, астанада бала туу көрсеткіші жоғары және көшіп келушілер қатары да көп. Құрылыс қарқынын бәсеңдететін болсақ, 30 мыңдай адам жұмыссыз қалатынын ескеруіміз керек. Мұндай мәселелер туындамас үшін қаланың дамуын жүйелі жоспалау қажет», — деді Президент.

    Мемлекет басшысы астана тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі және салынып жатқан нысандардың барлығында заманауи энергия үнемдейтін технологиялар қолданылуы тиістігін айтты. Сондай-ақ, шамамен 4 мың үлескердің мәселесі де күн тәртібінен түспегеніне назар аударды.

    «Заңнамалық базаның осалдығынан қалада проблемалық нысандар тағы пайда боулы мүмкін. Қазір Астанада 90-нан астам тұрғын-жай кешені рұқсат құжаттарынсыз салынып жатыр. Құрылыс компаниялары мардымсыз айыппұлды төлеп, тұрғындар қаражатын тартуды жалғасыра береді. Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек. Құрылыс салушылардың заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын тартуына жол бермеу қажет. Бұл жұмысқа Қаржылық мониторинг агенттігі атсалысуы керек», — деді Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ, Президент жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық болуына талап етті.

    «Құзыретті органдарға жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық жоғы туралы көп шағым түсіп жатыр. Әңгіме танымал құрылыс компанияларына жасалатын «ерекше» жағдай туралы. Бұл процесс толығымен ашық болуы керек. Жер цифрлық сервистер арқылы және конкурс негізінде берілуі тиіс. Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселемен мықтап айналысуды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.