Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІ ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
    Бас ақпарат

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІ ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.01.2023142 Views

    ✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

    Кеңестің құрылуы ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы мен ережесі осы Жарлықпен бекітілді. Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар енді.

    Сондай-ақ кеңес құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірді.

    Сонымен қатар ғылыми, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты жүзеге асыруға жауапты Үкімет мүшелері кеңес құрамына енді.

    Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың Ұлттық кеңеске мүше болуы Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізеді.

    Ақорда кз

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.