Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте жаңа “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен таныстырды. Мәртебесі берілген жаңа заңның мақсаты — Прокуратура органдары қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту. Бұл тұрғыда азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді қамтиды. Спикер алдағы уақытта еліміздің тұтастығын сақтау жолында қабылданған конституциялық жаңа заңның атқаратын рөлі зор екенін айтып берді.