Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІНІ ТҮГЕНДЕГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІНІ ТҮГЕНДЕГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒА

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.2022492 Views

    Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл. Түркіні түгендеген тарихи тұлғаның тындырымды ісі бүгінгіге өнеге, ғибратты ғұмыры көпке үлгі. Осы орайда Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі болған қайраткердің өмірі мен қызмет еткен саласын сараптау мақсатында ғылыми көпшілік конференция өтті.

    Тәуелсіздік туы желбірегелі тарих бетінде көлеңке күйде қалып қойған біршама Алаш арыстары ақталды. Есімі ел жадына қайта сіңіріліп, еселі еңбектері зерттеле бастады. Күрделі кезеңде ел басқарып, ұлтқа қызмет етуді ұлы мұрат еткен тұлға Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толып отыр. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, қоғам қайраткерінің тұлғасын таныту мақсатында Әл-Фараби кітапханасы тағылымы мол басқосу ұйымдастырды. Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми әмбебап кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова ұйымдастырылған шараның маңыздылығын айтып берді.

    Алаш арысы саяси қызметтен бөлек, Орталық Азиядағы мектеп, жоғары оқу орындарын ашуға еңбек сіңіріп, білім шырағын жақты. Ташкент, Түркіштан, Самарқанд, Қызылорда, Әулиеата, Қоқан, Хорезм, Бұқара қаласында газет-журнал редакциясын, құрып, баспахана ашқан. Тарихта толағайдай айтулы із қалдырған тұлғаның өмірін ғалымдар зерттеді. Ғылыми еңбек жазды. Бүгінгі ғылыми жиында тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын «Нәзір Төреқұлов және Алаш қозғалысы» тақырыбында баяндама оқыды.

     Көпшілік бас қосқан ғылыми кездесуге мегаполистің Н.Төреқұлов атындағы мектебінің оқушылары да қатысты. Мектеп түлегі Нәзір Төреқұловқа арнау оқып, өзге де ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар, ғылым кандидаттары баяндама жасады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.