Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.11.2022793 Views

    Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып «Bokei» ЖШС-нің құрылтайшысы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы сайланды.

    Нұралы Әлмаханұлы 1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
    2000 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Электр байланыстары инженері» мамандығын бітірген.

    Кәсіби еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, бірнеше мекемеде тәжірибеден өткен. Ал 1998 жылдан бері жеке кәсіппен айналысуды қолға алды. Одан кейін әр жылдары «Батсу» корпорациясының директоры, «Батсу-Строй» ЖШС, «Комби-Строй-1» ЖШС директоры лауазымдарында жұмыс істеген. 2016 жылы  «Бөрте Милка» ЖШС-ін құрып, қазіргі таңда «Bokei» ЖШС мекемесінің құрылтайшысы әрі жетекшісі қызметін абыройлы атқарып келеді.

    Нұралы Әбішов кәсіппен қатар соңғы 15 жылда қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысуда. Саладағы еңбегі үшін 2010жылы «Құрмет» орденімен, 2018 жылы «Парасат» орденімен, бірнеше рет «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясымен, және түрлі жоғары деңгейдегі медальдармен, президенттің, облыс, қала басшыларының және өзге де ұйымдардың  Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталған. Мақтарал және Ордабасы аудандарының құрметті азаматы. Түркістан облысы мәслихатының төрт шақырылым депутаты.

    Отбасылы, 4 баласы бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.