
Ресми мәртебесін қайта алған ұлттық мереке “Республика күні” Сарыағаш ауданында атап өтілді, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталы.
Аудан әкімі Мұхит Отаршиев жерлестерін қайта жаңғырған төл мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген азаматтарға “Құрметті азамат” атағын берді.
1981-1989 жылы Сарыағаш ауданында, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен Жанзақ Әлібековке ауданның “Құрметті азаматы” атағы берілді. Жауапты қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарған Жанзақ Ақбергенұлын Сарыағаш ауданы осылайша құрметке бөледі.
Мереке қарсаңында сондай-ақ, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері, облысқа еңбек сіңірген азаматтар марапатталып, аудан әкімі құттықтады.
Ел мүддесін бәрінен биік қойып, ауданды төрге сүйреген азаматтарды мерейлі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...











