Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨНДІРІСТІ АЙМАҚТЫҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ
    Айғақ MEDIA

    ӨНДІРІСТІ АЙМАҚТЫҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.10.2022408 Views


    Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінде «Bokei» автоматтандырылған заманауи қыш зауыты ашылды, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталы.
    Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған нысанның ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов пен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.


    2020 жылы басталған зауыт құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында аяқталған болатын. Тәулігіне 100 мың дана қыш шығаруға қауқарлы зауытта 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 200-250 мың теңгені құрайды. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен жеңілдетілген 6% қаржыландырылған. Жобаның жалпы сомасы – 3 млрд 200 млн теңгені құраса, жеке қаражаты есебінен 1 млрд 220 млн теңге жұмсалған.


    Зауыт толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қондырғылар Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалынған.
    Облыс басшысының орынбасары аталған өндіріс орнының әлеуетінің зор екенін, зауыт өнімін Түркістан облысынан бөлек еліміздің барлық аймақтарына жөнелтуге қауқарлы екенін айтып, инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.