М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры гастрольдік сапармен Шымкентке келді. Ұлттық театр басшысы Еркін Жуасбек бастаған мәдениет майталмандары ең алдымен баспасөз отырысын өткізіп, іс-сапардың негізгі мақсаты мен бағытын баяндады. Белгілі болғандай, Гастрольдік сапар М.Әуезовтың 125 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отыр. Осыған орай елімізде сұранысқа ие болған 4 қойылымды көрермендерге тарту етпек. Атап айтсақ, “Жүз жылдық махаббат”, “Сүйікті менің періштем”, “Қоштасқым келмейді” және “Қара” қойылымдары Орыс драма театрында көрсетіледі.